Menu

австрия венгрия империясы



Австрия, Австрия Республикасы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 83,9 мың км2. Халқы 8,3 млн. Астанасы – Вена қаласы Әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады. Халқының 98%-ы австриялықтар, дінге сенушілердің 84%-ы католиктер. Мемлекеттік тіл – неміс тілі. Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент. Мемлекет басшысы – федералдық президент.

Австрия – таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері – Биік Тауэрн жотасындағы Грос-Глокнер шыңы (3997 м). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, темір кентасы, магнезит, графит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоңыржай, шығысында континенттік болып келеді. Орташа температура қаңтарда –1 – 40ӘС, шілдеде 15Ә – 18ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өзені – Дунай. Жерінің 38%-ы орман, ол негізінен тау беткейлерін көмкерген.

Австрия атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия – «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғасырдың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді.

18 ғасырда Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17 – 18 ғасырларда Австрия монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты. Австрия 1867 жылдан – Австро-Венгрия монархиясы; 1-дүниежүзілік соғыста Австро-Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия-Венгрия монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. қарашада Австрия республикасы құрылды.

1938 ж. наурызда герман әскерлері Австрияға басып кіріп, Германияға қосып (аншлюс) алды. 1943 ж. Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданған декларация бойынша Германияның Австрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Австрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Австрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймаққа бөлінген қалпында қала берді. 1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері Австрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. 1955 ж. желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Австрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық статусына негізделген. 1996 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып қабылданды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Австрия – дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай, 4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВтҺсағат электр энергиясын өндіреді. Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электртехникалық бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасанды талшық, резина шығару), ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген.

Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары дамыған. Австрияның ұлттық табысы жан басына шаққанда 25,2 мың доллардан келеді. Соңғы көрсеткіш бойынша Австрия Еуропа экономикалық аймағы бойынша алтыншы орында. Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шығарылып, 65 млрд. доллардың өнімі сырттан әкелінеді.

Австрия, Венгрия және Финляндия революциялары

Габсбургтер монархиясының ыдырауы. Әр түрлі тілде сөйлейтін, діні, тегі, салты мен әдет-ғұрпы бөлек халықтарды топтастырған Австрия-Венгрия монархиясы XIX ғасырдың аяғында ұлт-азаттық қозғалысының өрістеуіне қарамастан, ұзақ уақыт сақталып кедді. Габсбургтер әулеті билеген дуалистік монархияда Австрия мен Венгрияның саяси-құқықтық жағдайы бірдей болды, ал Чехия, Словакия тағы басқа бөліктері жартылай отар сипатында өмір сүрді. Экономикалық даму дәрежесі жағынан Чехия мен Австрия басқа бөліктерінен жоғары болды. Алайда Чехия мен Австрияның өнеркәсібінің дамуына артта қалған аграрлы аудандар кесірін тигізді. Бұл жағдай дүниежүзілік соғыс кезінде одан әрі шиеленісті. Чехияда, Словакияда, Венгрияда ұлт-азаттық қозғалысы өрледі. 1848 жылдан бері тақта отырған қарт император Франц Иосиф қанша тырысқанымен империяның ыдырауын тоқтата аямады. 1914 ж. тақтың мұрагері Франц Фердинандтың өлтірілуі саяси дағдарысты тереңдете түсті. Ал 1916 ж. Франц Иосифтің қайтыс болуы және дүниежүзілік соғыста Австро-Венгрияның жеңілуі империяның ыдырауын жылдамдата түсті. 1918 ж. күзде Чехияда, Польшада және басқа славян жерлерінде тәуелсіз ұлттық мемлекет құру ниеті күшейді. 1918 ж. 28 қазанда Чехословакия, 29 қазанда сербтер, хорваттар мен славяндар (Югославия), 2 қарашада Венгрия тәуелсіздіктерін жариялады. Осылайша Габсбургтер империясы ыдырады.

Австрия республикасының құрылуы. Австриядағы ықпалды саяси күштер — Социал-демократиялық жұмысшы партиясы, христиан-әлеуметгік партиясы және пан-германдық партия 1918 ж. қазан айында елде қан төгіс төңкерістің болуына жол бермеу үшін империя жеріндегі бүкіл неміс халқын біртұтас демократиялық республика біріктіру туралы келісім жасады. 1918 ж. 21 қазанда империяның өкілдік органы — рейхстагтың депутаттары мәжіліс өткізіп, тәуелсіз Австрия демократиялық мемлекеті құрылғанын мәлімдеді және уақытша ұлттық жиналыс құрды. Ұлттық жиналыс 12 қарашада Австрияны республика деп жариялады. 1919 ж. 16 ақпаңда Құрылтай жиналысына сайлау жүргізілді. Бірінші рет жүргізілген жалпыға бірдей, төте демократиялық парламенттік сайлауда социал-демократтар көп дауыс алды. Құрылтай жиналысының шешімімен социал-демократтар үкімет құрды, премьер-министр К.Реннер болды. Бұл үкімет елді Антанта мен Австрия арасында бітім шарты жасалғанға дейін басқаратын болды. Осылайша Австрияда монархияның жойылуы, республиканың құрылуы, социал-демократиялық жұмысшы партиясының үкімет құруы сияқты түбірлі өзгерістер қантөгіс төңкеріс нәтижесінде емес, парламенттік күрес ауқымында іске асырылды. Австрия социал-демократиялық партиясының теоретиктері XX ғасырдың басында большевиктердің де, социал-демократияның оңшыл қанатының да идеялық тұжырымдамаларына қосылмай, марксизмнің жаңа кезеңге неғұрлым бейімделген нұсқасын жасады. Бұл тұжырымдама австромарксизм деп аталды. Австриялық марксистердің ойынша, революция қысқа уақытта іске асатын көтеріліс емес. Революция – ұзақ жүретін, күрделі үрдіс.

Венгриядағы революция. Габсбургтер монархиясының ыдырауы, соғыстағы күйзеліс пен жеңіліс, экономикалық жағдайдың нашарлауы Венгрияда жалпы ұлттық дағдарысқа әкелді. 1918 жылдың күзінде елде саяси жағдай әбден шиеленісті.

1918 ж. 25 қазанда Будапештте бұқаралық шеру болып, онда бітім жасау және Венгрияның жеке мемлекет болып жариялануы туралы ұрандар көтерілді. Тәуелсіздік партиясының ұсынысымен Ұлттық Кеңес құрылды, оған социал-демократтар да кірді. Ұлттық Кеңестің басшысы Михай Каройи болды. Ұлттық Кеңес халыққа үндеу жолдады. Үндеуде Венгрияның толық тәуелсіздік алуы, бітім жасау, демократиялық бостандықтар беру, аграрлық реформа жүргізу талаптары айтылды.

1918 ж. 2 қарашада Венгрия тәуелсіз мемлекет болып, ал 16 қарашада Венгрияда халықтық республика құрылды деп жарияланды.

1918 ж. Ресейден елге дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен венгрлердің көпшілігі қайтып оралды. Олар Ресейде кеңес үкіметін құруға және оны қорғауға қатысып, большевиктік идеяларға әбден сеніп, табанды коммунистер болып алған еді. 1918 ж. наурызда Москвада Бела Кун мен Тибор Саммуэльдің басшылығымен РКП(б)-ның венгр бөлімі құрылды. Бұл ұйым үгітшілерді дайындады. Олар Венгрияға келген соң, коммунистік идеяларды белсенді түрде насихаттай бастады. 1918 ж. қараша айында олар Бела Кунның басшылығымен Венгрия Коммунистік партиясын құрды. Партияның ықпалы жылдам өсті.

1919 ж. наурыз айында Антанта Венгрияның Румыния мен Чехословакияға берілуге тиісті жерлерін босатуды талап етіп, Венгрия үкіметіне ультиматум тапсырды. Бұл ультиматумды орындау әлі түпкілікті бітім жасалмай түрған кезде Венгрияның кейбір жерлеріне шетел әскерінің енгізілуіне мүмкіндік беретін еді. Ал ультиматумды орындамау елдің тәуелсіздігіне қауіп төндірер еді. Венгрия үкіметі осындай қиын жағдайда қалды, бұл саяси дағдарыс туғызды. Венгрияда кеңестік республиканың құрылуы. Елді саяси дағдарыстан шығару үшін үкімет сыртқы саясаттың бағдарын өзгерту керек деп шешті. Венгрия бұрын Антантаға бағдар ұстаса, енді Кеңестік Ресеймен жақындасу керек деген ұйғарымға келді. Бұл шешімді іске асыру үшін уақытша президент қызметін атқарып отырған М.Каройи социал-демократиялық партияның жетекшілеріне үкімет басқару туралы ұсыныс жасады. Социал-демократтар үкіметті коммунистермен бірлесіп құру керек деп шешті.

1919 ж. 21 наурызда социал-демократиялық және коммунистік партиялар бірігіп, Венгрия социалистік партиясын құрды. Сол күні Венгрияда Кеңестік Республика жарияланды. М.Каройи президенттік қызметтен кетті. Венгрияның жаңа үкіметі — Революциялық үкімет кеңесі құрылды. Оны социал-демократ Ш.Гарбаи басқарды, ал Бела Кун сыртқы істер министрі болды. Жаңа үкіметтің құрамына 14 коммунист, 17 социал-демократ және партияда жоқ 2 саясаткер кірді.

Революциялык үкімет бірқатар реформаларды іске асырды: банктер, ірі өнеркәсіп, транспорт, ірі жер иеліктері национализацияланды; 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді; сыртқы саудаға мемлекеттік бақылау қойылды; жалақы көбейтілді, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жасалды; қызыл әскер құрыла бастады; халықтық милиция құрылды.

Бела Кун кеңестік Ресейге жеделхат жіберіп, Антантадан қорғауды өтінді. Алайда азамат соғысы жүріп жатқандықтан, большевиктер үкіметі кеңестік Венгрияға көмек бере алмады.

Венгрияның Дунайдың сыртындағы оңтүстік аудандарында кеңестік үкіметті жақтамаған топтар жиналып, Сегед үкіметін құрған болатын. Бұл үкіметтің жеке әскер бөлімдері болды, оны адмирал Миклош Хорти басқарды. Будапештгегі И.Фридрих үкіметін Антанта мойындамай қойды, ол да биліктен кетуге мәжбүр болды. Билік адмирал М.Хортидің қолына тиді. 1920 ж. Ұлттық жиналыс Венгрияда монархияны қалпына келтіру туралы шешім қабылдады да, 1 наурызда Хорти регент — Венгрия корольдігінің билеушісі болып сайланды. Регентке парламешті шақыру және тарату, заңдарды дайындау, әскердің бас қолбасшысы болу құқығы берілді. Хорти өкіметі елде жаппай жазалау жүргізді: 6 мың адам қаза тапты, 70 мың адам түрмеге түсті, 100 адам шет елге кетті. 1926—1932 жж. жалпыға бірдей сайлау құқығы және басқа негізгі демократиялық құқықтар мен бостандықтар жойылды. Венгрия екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияның одақтасына айналды.

А) білімділік: Австрия Республикасының табиғат жағдайлары, шаруашылығы, тарихы мен сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Австрия Республикасы

АВСТРИЯ, Австрия Р е с п у б л и к а с ы — Орта­лық Еуропадағы мемлекет.

Жер аумағы 83,9 мың км 2 .

Халқы 8,17 млн. (2005).

Астанасы — Вена қ.

Әкімш.­аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады.

Халқының 98%-і австриялық­тар,

Дінге сенушілердің 84%-і католиктер.

Мемл. тілі — не­міс тілі.

Заң шығарушы орга­ны — екі палаталы парламент.

Мемлекет басшысы — феде­ралдық президент.

Табиғаты. А. — таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері — Биік Таузрн жотасын­дағы Грос- Глокнер шыңы (3997 М). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, теміp кентасы, магнезит, гра­фит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоныржай, шығысында континенттік болып келеді. Орта­ша тeмп-pa қаңтарда -1-4 0 С, шілдеде 15 0 -18 0 С. Жауын­-шашынның жылдық мөлш. тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өз. — Дунай. Жерiнің 38%-і орман, ол негізінен тау беткей­лерін көмкерген.

Экономикасы. Австрия экономика­сы нapықтық қатынастар не­гізінде дамыған иңдустриялы-­аграрлы мемлекет. Ел экон-­сына ГФР компанияларының ықпалы күшті. Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай, 4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВт сағ электр энергиясын өндіреді ([996 ж.). Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнер­кәсібі, машина жасау (станок­тар, транспорттық машина­лар, электротех. бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жа­саңды талшық, резина шыға­ру), ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркен­деген.

А/ш-ңда мал ш-ның маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары да­мыған. Австрияның ұлттық табысы жылына 202,8 млрд. американ доллары болса, оны жан ба­сына шаққанда 25,2 мың дол­лардан келеді. Соңғы көрсет­кіш бойынша Австрия Еуропа экон. аймағы бойынша алтыншы opындa. Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шыға­рылып, 65 млрд. доллардын өнімі сырттан әкелінеді. Ал дүн. жүз. ішкі жиынтық өнім­дегі А-ның үлесі 0,5%-тен сәл артық.

Тарихы. А. атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жыл­дан бастап Австрия — «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғ-дың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453 жылдан — эрц­гepцoгтық.

18 ғ. Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17-18 ғ-ларда А. мо­нархиясы Түркиямен, Фран­циямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан ай­ырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты.

1867 ж. Австрия-Венгрия мо­нархиясы құрылды. l-дүн. жүз. соғыста Австрия — Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия-Венгрия мо­нархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. қарашада А. респуб­ликасы құрылды.

1938 ж. наурызда герман әскерлері А-ға басып кіріп, Гер­манияға қосып алды (энш­люс). А-ның фашистер үстем­дік еткен 7 жылы оның тари­xындaғы ең қаралы кезең бол­ды. 1943 ж. Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қа­былдaнғaн декларация бойын­ша Германияның А-ны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскер­лері А шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат eтті. Бірақ А бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасыңда 4 оккупац. аймаққа бөлінген қалпыңда қала берді.

1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Фран­ция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері А-ның тәуелсіздігін қалпынa келтіру туралы шарт­қа қол қойды. А-дан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айыңда елдің парламенті А-ның тұрақты бейтараптығы туралы консти­туциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсаңда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. А-­ның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көр­сетілген міндеттемелер мен тұpaқты бейтараптық мәрте­бесіне негізделген. 1996 жыл­дың қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып қабылдан­ды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақ­стан Республикасымен дипло­мат. қатынастар орнатты.

Ана тілің алпыс тілмен тең. Мақал Халқымыз өз тілін ана тілім дейді. Яғни, ананың ақ сүті мен әнтек әлдиінен дарыған рухани болмыс. Баланы тәрбиелеуде, оған рухани қуат беруде ананың орны ардақты да аяулы ғой. Тек ана мен әже ғана балаға бесік жырын тербетіп, ақ әлдиін, жұмсақ сөзін арнайды. Әйел адам күніне 20 000 сөз сөйлейді деп жатамыз. Алайда бұл құбылыстың шынайы […]

Өмір теңізі телегей толқындарымен, бұрқанған дауылдарымен көрікті.Ал мұнда тек өлі балықтар ғана ағыспен бірге ілесе бермек.Әр адамның санасында жетістікке жету жайлы ең үлкен үміттер мен алуан қорқыныштар шоғыры ұя салған. Кез-келген жетістіктік шыңын бағындырушының тарихына үңілсек, олардың асқақ арманды табанды мақсатпен ұштастыра отырып тер төккенін байқаймыз.Бұл тұрғыда Билл Гейтстің оқудан қуылса да жасымай еңбекке араласуы, Армериканың қара нәсілді президенті Нелсон […]

Бұл маскалардың бір ерекшелігі әрбір үйден табылады және арзанға түседі. 1.Картоп.Күннің көзінде көп жүретін адамдардың беті жарылып, құрғап кетеді. Мұны болдырмау үшін картопты қабығымен суға пісіріп, аршып ыстықтай кішкене сүт пен жұмыртқаның сарысын қосып араластырады. Бұл масканы ыстық күйінде жағып, 20 минут ұстайды. Алдымен ыстық, сосын салқын сумен шайып, құрғақ бетке арналған крем жағып қояды. 2.Алма. Алма бетті нәрлендіру үшін […]

Государственный пограничный комитет Республики Беларусь - Информация обновляется каждый четный час с 06.00 по 00.00
Grand Prestige Hotel & Spa в Сиде Grand Prestige Hotel & Spa 5 Описание отеля
Горнолыжный комплекс Grandvalira (Андорра, Грандвалира) - отзывы Отзыв рекомендуют:38Дата отзыва: 2012-11-21 Достоинства: Большая зона катания
Гран-при Монако Интересные факты Накануне гонок на улицах Монако заваривают крышки люков, т.к. из за
Гран-при Испании 2012 года это: Квалификация После завершения быстрого круга, по результатам которого Льюис Хэмилтон